Ескі көліктерге төленетін салық азаяды
Жаңа Салық кодексіндегі тағы бір өзгеріс - ол ескі көліктерге қатысты. Енді зауыттан шыққанына 10 жылдан асқан автомобильдер үшін төленетін салық мөлшері 30 пайызға азаяды. Ал 20 жылдан асқан автокөліктер үшін – 50%-ға төмендейді. Бүгінгі таңда жеңіл автокөліктерге салынатын салықтың сомасы қозғалтқыштың көлеміне байланысты есептеледі. Қазір ел аумағында 4 млн автокөліктің зауыттан шыққан мерзімі 10 жылдан асып кеткен.
Дана Тоқмурзина, MNU салық құқығы ғылыми мектебінің басшысы:
Бірқатар жеңілдік қарастырылған. Соның ішінде осы көлік салығы да бар. Енді көлік қаншалықты ескі болса, соғұрлым аз салық төленеді. Жалпы, бұл өзгеріс жаңа көлік алуға табысы жетпей жатқан азаматтарға салық жүктемесін жеңілдетуге бағытталған деп ойлаймын.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00