Атырауда бассейн басшысы үйқамаққа алынды
Атырауда адамдар жаппай уланып қалған жекеменшік бассейннің басшысы үйқамаққа алынды. Естеріңізге салайық, 13 шілде күні Атыраудағы акваорталықтағы бассейнде 13 бала мен 2 ересек адам уланып, ауруханаға түсті. Медициналық көмек алған 10 баланың жағдайы жақсарған соң, дәрігерлер оларды үйлеріне жіберді. Ал 3 бала жансақтау бөліміне жатқызылып, бірнеше күн дәрігерлердің бақылауында болды. Алдын ала болжам бойынша, құрамында хлоры бар заттарды мөлшерден тыс қолданған. Бассейн иелері су тазарту жүйесінде ақау болғанын мойындаған. Осы оқиғадан кейін нысан жабылып, Төтенше жағдайлар департаменті мен прокуратура тексерісті бастады. Тергеу ісі аяқталғанға дейін акваорталық басшысы үйқамақта болады.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02