Ресейде жаңа вирус тіркелді
Ресейде жаңа вирус тіркелді. Менингит ауруына ұқсайтын жаңа инфекцияны балалардан бастап үлкендерге дейін жұқтырып жатыр. Барлығы 1200 адамда ауру белгілері тіркелген. Індеттен тіпті бір күнде қайтыс болған науқастар бар. Ауруханалар да 60 пайызға толған. Сондықтан елде карантиндік шаралар қайтадан қолға алынбақ. Кей өңірлерде адамдар көп жиналатын жерлерде маска тағу міндеттеледі. Мамандар жаздың соңында вирус жұқтырғандардың саны көбейіп, өлім-жітім артатынын айтады. Бұл вирусқа қарсы вакцина бір, екі айда дайын болады.
Ирина Черкассова, дәрігер:
Қазір түрлі вирустар шығып жатыр. Коронавирус эпиедемиясынан соң штамдар үнемі мутацияға ұшырап отырады. Сондықтан қайтадан жаңа вирус жұқтырмас үшін профилактикаға да мән берген жөн. Бұл кезеңде екпе егу де міндеттеледі.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27