Smart Daryn ұлттық цифрлық платформасы іске қосылады
Дарынды балаларды қолдауға арналған SMART Daryn ұлттық цифрлық платформасы іске қосылмақ. Республикалық және Халықаралық сайыстарға қатысуға ниетті оқушылар енді осы жүйе арқылы дайындалады. Елдегі ең мықты ұстаздардың сабағына онлайн қатысып, кеңесуге мүмкіндік бар. Сондай-ақ платформада дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарына түсу үшін емтихандар өткізіледі. Бүгінде ел бойынша 130-дан астам мамандандырылған мектеп бар. Бұл жүйе педагогтер үшін де таптырмас құрал. Өйткені әдістемелік материалдар жүктеліп, мұғалімдердің біліктілігін арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Әділет Серікұлы, «Дарын» РҒПО әдіскері:
Өткізіп жатқан олимпиадаларымызды автоматтандыру – ең басты мақсатымыз. Платформаның ішіне негізі прокторинг деген нәрсе кіреді. Олимпиада, конкурс, вебинарлар кіреді. Осы платформада онлайн өткізуге де, болады, оффлайн қатысуға да болады. Оқушыларға арналған ең бастысы, сосын мұғалімдерге де арналған.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04