Ресейде санкция салдарынан ұшақ саны жеті есе қысқарды
Ресейде санкция салдарынан ұшақ жетпей жатыр. Елдегі әуе компаниялардың паркіндегі ұшақтың 80 пайызы Еуропа елдерінен лизингте болған. Мамандар санкция басталғалы отандық ұшақ шығарамыз деп, мәлімдеген еді. Алайда Ту-214 ұшағы ұшуға жарамсыз болып қалды, ал барын жөндеуге құрал жоқ. Сондықтан Ресейде ұшақ саны жеті есе қысқарып, әуе билеттері 200 пайызға қымбаттады. Тығырықтан шығу үшін енді кеңестік кезеңдегі Ан-2 ұшақтарын қайтадан қолдану ұсынылды. Бірақ бұл қауіпсіздік талаптарына сай емес дейді мамандар.
Дмитрий Горин, сарапшы:
Әуе және темір жол саласындағы бағаны бақылап отырмыз. Санкция басталғалы ай сайын баға қымбаттауда, бұған инфляция да әсер етуде. Қазіргі таңда жолаушылар саны көп. Ал ішкі және халықаралық рейстердің саны 27 пайызға қысқарды. Бұл салада ешқандай субсидия жоқ.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27