Ресейде салық кодексіне өзгерістер енгізілді
Ресейде салық кодексіне өзгерістер енгізілді. Жеке табыс салығы енді кіріс мөлшеріне қарай өседі – көп табыс тапқандар 13%-дан 22 %-ға дейін салық төлейді. Бұрын барлығы үшін салық 13% болатын. Кәсіпорындар үшін табыс салығы бес пайызға көтеріледі. Соңғы екі жыл салықтан жалтарған кәсіпкерлер 2025-2026 жылдары ашық жұмыс істесе, оларға айыппұл салынбайды. Бұл «салық рақымшылығы» деп аталады. Салық заңнамасына өзгеріс енгізудегі басты мақсат – бюджетті толықтыру. Биыл осы реформалар арқылы 2,6 трлн рубльге жуық қосымша табыс түседі деп күтілуде.
Наталья Суматова, сарапшы:
Ресейде кәсіпкерлерге бақылау күшейді. Онсыз да пандемиядан соң әрең есін жиған кәсіпкерлерге енді салық өсіп отыр. Бұл экспермиенттік жоба 10 жылға жоспарланған. Салық комитетінің тарапынан кәсіпкерлердің жұмысын тексеру 134 пайызға өскен.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27