Маңғыстауда ауданда ескі мектептер күрделі жөндеуден өтуде
Маңғыстау облысындағы Маңғыстау ауданында іргетасы бұдан 60 жыл бұрын қаланған 6 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Олар Жыңғылды, Тұщықұдық, Шебір, Сайөтес, Шетпе ауылдарының білім беру ұйымдары. Басым бөлігінде терезе, есіктері толықтай ауыстырылып, оқу кабинеттері жаңартылуда. Едені, жылу жүйелері ауыстырылады. Ғимараттардың сырты қапталып, шатыры жаңаланады. Мәселен, Шетпедегі Берекет Жұмалиев атындағы мектепте бірнеше бригада жұмыс істеуде. Ғимаратты заманауи асхана мен спорт залмен қамту үшін жанынан 200 орындық қосымша құрылыс салу көзделген. Оның жобалық-сметалық құжаты әзірленіп жатыр.
Марал Зинешова, Шетпе ауылының тұрғыны:
Бұл мектеп деген қара шаңырақ, 68 жылдан бері келе жатқан. Бұл мектептен қаншама түлектер ұшты. Менің немерелерім оқып жатыр, тағы кішкентай немерем келеді ертең, сол келген кезде әдемі мектепке кірсе, біз қуанар едік. Сол асхана салып берсе мектебімізге. Акт алымызды әдемі қылып берсе.
Айжақсы Тұржанова, Маңғыстау аудандық білім бөлімінің басшысы:
Қазіргі Мемлекет басшысының өздеріңіз білесіздер қазіргі жағдайда қол жетімді болу керек, балаларға білім алушыларға қазіргі заманауи кабинеттермен жабдықтау керек. Сондықтан осы бағытта жұмыстардың барлығы қолға алынып, бұрынғы ескі мектептердің өзін реневация дейді жаңарту бағытында да жұмыстар жүргізіліп жатыр ғой.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04