Ресейде коронавирустың жаңа түрі тіркелді
Ресейде «Стратус» деп аталатын коронавирустың жаңа түрі тіркелді. Инфекция әсіресе балалар арасында тез тарауда. «Алғашқы белгілері тұмауға ұқсас болғанымен, одан маска, вирусқа қарсы препараттармен қорғану мүмкін емес»,- дейді дәрігерлер. «Стратус» әсіресе егде жастағы адамдар мен созылмалы өкпе аурулары, онкологиялық аурулар және иммун тапшылығы бар науқастар үшін қауіпті. Бүгінгі күні жаңа вирусты Ресейдің 13 аймағында 114 адам жұқтырған.
Анча Баранова, биология ғылымдарының докторы, Джордж Мейсон университетінің профессоры:
«Стратус» вирусы бұрыннан бізге белгілі Омикрон штамының мутацияға ұшыраған түрі. Бұл өте ауыр түрде өтуі мүмкін. Алайда қазір бұл вирус «Стратус па» немесе «Нимбус па», алғашқы күннен анықтау мүмкін емес. Тек екінші, үшінші күні белгілі болады. Осыған дейін коронавирусты емдеген дәрілердің осы вирусқа қарсы күші бар. Алайда ағзада иммунитет қалыптастыра алатын вакцина жоқ.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27