Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы: «Өлең сөздің патшасы» ақындар мүшәйрасы өтті
Семейде Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Өлең сөздің патшасы» халықаралық ақындар мүшәйрасы өтті. Абайдың рухани әлемін заманауи поэзия тілімен өрнектеп, жастарға үлгі-өнеге беруді көздейтін тағылымды шараға 80-нен астам қатысушы өз шығармаларын ұсынған. Ақындар Абай тақырыбы, лирика, бүгінгі күннің өзекті мәселесін жыр етті. Мүшәйраға еліміздің әр өңірінен және шетелден келген ақындар да қатысқан. Олар өз шығармалары арқылы Абай әлеміне бойлап, қазақ поэзиясының көркемдігін жаңаша жеткізуге талпынған. Үздік шыққан ақындар қомақты сыйға ие болды. Арнайы марапат алғандар да бар.
Серікзат Дүйсенғазин, әділқазы мүшесі:
Талантты жастар бар, бұл – қуанарлық жайт. Қазақ халқы барда, күн сәулесі жарқырап тұрғандай, қазақ поэзиясы да жасампаздығын жалғастыра береді. Бүгінгі поэзиямыз бен әдебиетіміз әлемдік деңгейдегі әдебиеттен кем емес. Оны жалғастыратын жаңа буын өсіп келеді.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04