Абай ұрпақтарының үйіне ескерткіш тақта қойылды
Абай ұрпақтарының үйіне ескерткіш тақта қойылды. Қарауылдағы қасиетті қара шаңырақты ойшылдың немере інісі Әрхам Кәкітайұлы өз қолымен салған. 1961 жылы Шәкәрім Құдайбердіұлының сүйегі 30 жыл бойғы құдық басындағы иесіздіктен кейін қайта қазылып, мәйіті осы үйде аруланып, жаназа шығарылған еді. Ескерткіш тақтаға осы дерек жазылды. Сондай-ақ Абай дәуірінің тірі шежіресі, кемеңгер жайлы ең құнды деректердің бізге жеткізген Әрхам Кәкітайұлының осы шаңырақта тұрғаны таңбаланды. Бұл — жай ғана тақта емес, тарихқа тағзым, ұрпаққа аманат. Қазір бұл киелі баспанада Құнанбайдың бесінші ұрпағы, қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Шағатаева тұрады.
Бақыт Шағатаева, Құнанбайдың бесінші ұрпағы:
Атадан алтау, анадан төртеу дейді. Анадан туған төртеудің бірі – Тәңірберді, қалғандары – Абай, Ысқақ және Оспан. Біз осы төртеудің Абайдан кейінгі Ысқақтың ұрпағымыз. Шәкәріммен бірге атамның есімі тақтаға қашалып, бұл біз үшін үлкен құрмет әрі баға жетпес байлық.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Араға 70 жыл салып қазақстан жеріне амур жолбарысы жіберілді
03.08.2026, 20:30
Ойындардың трансляциясы 85 млн қаралым жинаған
03.08.2026, 20:29
«Creative Aimaq» жобасы: Абай мұрасынан - заманауи креативке
03.08.2026, 20:25
Құрылтай сайлауы жақындаған сайын партиялардың үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті
03.08.2026, 20:17
Бір палаталы Құрылтайға көшу - заң шығару үдерісін бірізді етеді
03.08.2026, 20:15
Байқаушы: Құрылтай сайлауы - тарихи оқиға
03.08.2026, 20:14
Құрылтай сайлауы: 10400-ден астам учаскелік сайлау комиссиясы дайындықты бастады
03.08.2026, 20:12
Жасанды интеллект бойынша жас зияткерлер жарысы
03.08.2026, 20:02