Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы: Атыраулықтар ұлы ойшылдың рухына тағзым етті
Атыраулықтар Абай орталығының алдындағы ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ұлы ойшылдың рухына тағзым етті. Әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіт алаңнан тікелей эфирге қосылуға әзір тұр. Нұрсұлтан, сіз эфирдесіз.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Мұнда жиналғандардың қарасы қалың. Зиялы қауым өкілдері мен тұрғындар Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ұлы ақынға құрмет көрсетіп жатыр. Хакім Абайдың туған күні қарсаңында ескерткіш маңында оның әндері шырқалып, өлеңдері оқылады. Қазақтың кемеңгері Абай Құнанбайұлы ұлттың ұлы дәрежесінен асқан, әлемдік деңгейде өз орны бар біртуар тұлға. Ұлы ойшылдың қара сөздері мен өткір өлеңдері – даналықтың үлгісі, ұлттық пәлсапаның асыл маржаны. Мереке қарсаңында мұнда толық концерттік бағдарлама жоспарланған. Жастар театры келушілерге «Хакім Абайдың ізімен» атты театрлық композиция дайындаған. Бұдан бөлек қолөнершілердің жәрмеңкесі де ұйымдастырылып, спорттық жарыстар да өтіп жатыр. Ал мына бұрышқа кемеңгер тұлғаның кітаптары мен картиналары қойылған. Мұнда мерекелік атмосфера керемет. Зиялы қауым өкілдері ақынның туған күнін жыл сайын осындай форматта тойлау керек дегенді алға тартып отыр.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Ақын туған халқының мінін түзеп, мәдениетті, өркениетті елге айналғанын қалады. Қалың елі қазағына ой салу үшін қолға қаламын алды. Ал бұл ескерткіш – мәңгілік елдің ескерткіші, сондықтан рухымыз да осылай асқақтай берсін дейді, жиналған көпшілік.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
«Алтын Орда - Ұлық ұлыс» деректі фильмі эфирге шығады
19.05.2026, 20:06