Абай тойында мәдени-спорттық шаралар жалғасып жатыр
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған дүбірлі той жалғасып жатыр. Түс ауа «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» атты концертпен жалғасты. Ұлттық спорттық ойындар өтіп жатыр. Қазір тікелей байланыста тілшіміз Ержан Жақып той ортасынан тікелей эфирге шығуға дайын.
Ержан Жақып, тілші:
«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» атты концертте еліміздің танымал өнер жүлдыздары сахнаға шықты. Нұрлан Өнербаев, Гүлмира Сарина, Досқан Жолжақсынов пен өзге де отандық әншілер тойдың көркін қыздырды. Абай әндерімен қатар тойшыл қауымның рухын көтеретін шығармалар шырқалды.
Ержан, алыс-жақын шетелден келген қонақтардың көп екені белгілі, елді тамсандырған, көптің делебесін қоздырған қандай айтулы шаралар бар тағы?
Ержан Жақып, тілші:
Ақын тойына алыс-жақыннан келген қонақтар өте көп. Түс ауа ұлттық спорт ойындары мен қазақша күрестен республикалық турнирдің финалы басталды. Сонымен қатар Аламан, жорға, топ бәйгеден еліміздің әр түкпірінен келген сәйгүліктер сынға түсті. Тойдың бір ерекшелігі қазақша күрес пен ат жарысына көлік пен ақшалай сыйлықтан бөлек жылқы, түйе тарту етіледі. Той түнге дейін жалғаса береді. Той тарқағанмен, қазақ даласында, әр қазақтың санасында хакім аты жаңғырып тұрмақ. Өйткені ойшылдың мұрасы тағылымның темірқазығы, болашақтың бағдаршамы.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04