Абайдың 180 жылдығы Жапонияда ЭКСПО төрінде тойланды
Абайдың 180 жылдығы жаһандық ЭКСПО көрмесі төрінде тойланып жатыр. Күншығыс елінің Осака қаласындағы халықаралық шарада Қазақстан күні аталып өтті. Әлем көз тіккен Осакада Ұлттық арнаның түсірілім тобы жұмыс істеп жатыр. Бейнегүл, Ұлттық күннің ерекшелігі неде?
Бейнегүл Абауова, тілші:
Ұлттық күннің ерекшелігі де сол Абайдың 180 жылдығына орайластырылған. Біз Осака шығанағындағы жасанды Юмешима аралындағы ЭКСПО аумағындамыз. Қазақстан күні салтанатты шеру¬ден басталды. Түрлі халықаралық додаларда дараланған өнер иелерінен тұратын 100-ге жуық делегация өкілі керуен түзді. Күншығыс елінің көгінде қазақтың домбырасы күмбірлеп, әуені әуеледі. Жиналған жұрт ұлттық киімдегі өнерпаздар керуенін тамсана көріп, жарыса суретке түсірді. Барынша құрмет көрсетіп, ыстық ықылас танытты. Ұлттық киімдегі тау тұлғалы батырларымыз бен қыпша бел қыздарымыздың көркіне таңданыстарын жасыра алмады. Одан соң салтанатты жиын өтіп, ту көтеру рәсімі болды. Көрмеге қатысып, өз жетістіктерін әлемге паш еткен жер-жаһанның 160¬-қа жуық мемлекетінің ішінде Қазақстанның орны ерек. Павильонда медицина, жасанды интеллект технологиялар, ғылым мен білім саласындағы тың жобалар қойылған. Таяуда миллионыншы көрермен келеді деген болжам бар. Жалпы көрмені 28 млн-нан астам адам тамашалайды делінген. Сәуір айында ашылған көрме жұмысы қазан айына дейін жалғасады.
Бейнегүл Абауова
Автор
Бейнегүл Абауова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоқыс полигондарының 80%-ы санитарлық талаптарға сай емес
07.04.2026, 20:57
Конституцияны түсіндіру жұмысы жаңа қарқын алады
07.04.2026, 20:52
Азия чемпионаты: Сегіз боксшымыз финалда
07.04.2026, 20:50
Жоғалған балалар бірнеше күннен бері табылмай жатыр
07.04.2026, 20:14
Соңғы 3 жылда терезеден 104 бала құлап, көз жұмды
07.04.2026, 20:10
Тегеран Трамптың шарттарын орындаудан бас тартты
07.04.2026, 20:10
Бензин бағасы бақылауда
07.04.2026, 20:08
Алматыда самокаттардың тең жартысы айып тұрағына қойылды
07.04.2026, 20:08