Орталық Азия мен Қытай арасындағы рейстер тағы көбейеді
Қазақстан мен Қытай арасында қосымша 18 рейс ашылған. Бұл «Орталық Азия – Қытай» азаматтық авиация ынтымақтастығына қатысты өткен бірінші конференцияның нәтижесі. Сианьдағы жиыннан кейін 6 елдің авиациялық билік органдарының басшылары бүгін Астанада бас қосты. Конференция барысында Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы халықаралық маршруттар желісін кеңейту, жаңа технологияларды енгізу, экологиялық тұрақты авиацияны дамыту саласындағы ынтымақтастықтың негізгі мәселелері талқыланбақ. 2023 жылы отандық әуе компаниялары 13,3 млн жолаушы тасымалдаса, былтыр бұл көрсеткіш 11 пайызға өскен. Барлығы 14,7 млн-ға жуық адамға қызмет көрсеткен.
Дархан Қатышев, ҚР Көлік министрлігі азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары:
Оның алдындағы жылда Қытаймен 60 рейс болса, қазіргі уақытта 78 рейс. 18 рейске көтерілді. 2025 жылы көп рейс аштық. Мюнхен, Шанхай, Гуанжоу, Сиань, Ошты аштық. Ашылған рейс көп. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес біз қазіргі уақытта аэрохабтарды дамытып жатырмыз.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04