Қызылордада 88 млн теңге жымқырғандар сотталды
Қызылорда қаласында «Даму бала» платформасы арқылы қызмет көрсететін кәсіпкерлерден 88 млн теңгеден астам қаражат жымқырғандарға сот үкімі шықты. Тергеу барысында қызмет бабын асыра пайдаланып, кәсіпкерлерден ақша бопсалаған 2 сотталушының қылмысы дәлелденді. Олар тексеріс нәтижесін оң шешіп береміз деп, ол қызметіне ақы сұраған. Ал жиналған қаражатқа зәулім үй мен автокөлік сатып алған. Соттың санкциясымен бұл мүлікке тыйым салынды.
Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:
Сот үкімімен басты айыпталушы кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды. Оның сыбайласы 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17