Шетел валютасындағы салым 57 млрд теңгеге қысқарған
Соңғы айда қазақстандықтардың шетел валютасындағы жинақтары азайды. Маусымнан шілдеге дейін мұндай салымдар 57 млрд теңгеге қысқарып, 5 трлн 850 млрд теңге болды.
Керісінше, теңгедегі салымдар бір айда 3,4 пайызға өсіп, 33 трлн теңгеге жетті. Қазір банктердегі ақшаның тек 21 пайызы ғана шетел валютасында сақталған. Бұл өткен айдағыдан төмен көрсеткіш. Ұлттық банктің дерегінше, қазақстандықтардың 65 пайыздан астамы ақшасын депозитте ұстайды. Олардың басым бөлігі теңгедегі шоттар. Экономистердің пікірінше, бұған теңгедегі жоғары пайыздық мөлшерлемелер, инфляцияның біршама баяулауы және валюта бағамының тұрақтауы әсер еткен.
Айбар Олжаев, экономикалық шолушы:
Долларизацияға қайтып оралу екі фактіде болуы мүмкін. Біріншісі - теңгенің шоктық девалвациясы. Бір мезетте 15-20 пайызға құлдырап кетсе, адамдар долларға қайтып келе бастайды. Екіншісі - бізде инфляция түсіп, базалық мөлшерлеме төмен түсіп кетсе, онда теңгенің депозиттерінің мөлшерлемелері пайызы азайып қалады да, ол кішкене қызық емес болып қалады.
Елдос Есенбол
Автор
Елдос Есенбол
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17