Қазақстанда ұлттық тауарлар каталогы әзірленді
Қазақстанда Ұлттық тауарлар каталогы әзірленді. Қазір ол пилоттық кезеңнен өтіп жатыр. Жобаға 100 мыңнан астам тауар атауын жүктеген ірі сауда дүкендері қосылған. Енді чектерде өндірушіні көрсететін арнайы 13 таңбалы NTIN код тағайындалады. Онда тауардың зауыттан шыққан мерзімі, қайда жіберілгені сынды ақпараттар көрсетіледі.
Әсет Нүсіпов, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі:
Пайдасы неде? Көлеңкелі сауда болмайды, сапасыз өнімнің жолы кесіледі, әділсіз бәсекеге қарсы тұра аламыз. 1 қаңтардан бастап Қазақстан аумағында барлық тауарды сату кезінде NTIN коды міндетті болады. Бұл – тауар өндіруші, дистрибьютор, сауда дүкендері, кәсіпкерлердің бәріне ортақ. Жаңа ереже бәрімізге бірдей. Каталогқа тауар айналымына қатысушылар қосыла алады.
Бүгінде базада 15 млн тауар бар. Жаңа ереже саудадан бастап, кеден, сатып алу және мемлекеттік бюджетті жоспарлауға дейінгі барлық салада қолданылмақ.
Әсет Тұрысов, ҚР Қаржы вице-министрі:
Ұлттық тауарлар каталогын енгізу сауданың барлық 20 саласын қамтиды. Бірыңғай деректер стандартын әзірлейді. Бұл басқарудың, мемлекеттік жоспарлаудың тиімділігін арттырмақ. Тұтынушыларды қорғайды. Салық әкімшілігін жақсартады, яғни ашықтықты қаматамсыз етеді. Сондай-ақ бизнес жұмысын жеңілдетеді.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00