Алматыда 85 жастағы талапкер ҰБТ тапсырды
Осы тамызда Алматыда 85 жастағы әже ҰБТ тапсырды. Нұрихан Балаханова биыл жоғары оқу орнына түсуді мақсат етіпті. Әжей білім мен ізденіс жас пен уақыт талғамайтынын жеткізді. Айтуынша, жас кезінде еңбекке ерте араласып, жоғары білім ала алмаған. Он бір құрсақ көтерген ардақты ананың 30 немере 11 шөбересі бар. Олар да қарияның жоғары оқу орнына түскісі келетінін құптаған. 4 ай Қазақстан тарихы мен қазақ тілінің тест тапсырмаларына немересімен бірге дайындалған. Күніне 2 сағат уақытымды емтихан сұрақтарын орындауға арнадым, дейді қария.
Нұрихан Балаханова, қала тұрғыны:
Оқу орнын бітіре алмадым. Жас кезімізден үйлендік, балалы болдық. Сосын жолдасым екеуміз саудада істедік. Дайындалған сұрақтарым келді. Мен тапсырған кезде тесттен өте алмай қаламын деген ой болған жоқ. Ол аз-ақ уақыт екенін де білмеймін. Бір сағат екен ғой.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04