Атырауда фельдшерді атып өлтірген күдіктілер ұсталды
Атырауда фельдшердің өліміне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Төбелеске қатысқан барлық күдікті ұсталды.
Еске салсақ, кеше түнде қала сыртында Химиктер поселкесінде атыс болып, 23 жастағы азамат оққа ұшқан еді. Жарақат салдарынан ол сол жерде көз жұмды. Алғашында бір топ азамат сөзге келісе алмай, арты жаппай төбелеске ұласқан. Кейін сол жердегілердің бірі үйінде тынығып жатқан азаматты көмекке шақырған. Алайда жағдай одан әрі ушығып, төбелескендердің бірі тапаншамен оқ атқан.
Дина Мақсатова, ПД Ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы:
Аталған дерек бойынша күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Адам өлтіру бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүруде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02