Шымкенттің бір шағын ауданынан 1 тонна қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Шымкентте тұрғындар көпқабатты үйлердің ауласын тазартты.
«Таза Өлке» коммуналдық мекеме қызметкерлері мен ерікті жастар 1 тонна қоқыс жинап, арнайы техникамен шығарды. Жалпы өңірде жыл басынан бері «Таза Қазақстан» акциясы аясында 3000-ға жуық ерікті сенбілікке шыққан. Белсенді жастардың айтуынша, мұндай экологиялық бастамалар қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастырып, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырады. Сонымен қатар экоакциялар жастардың табиғат қорғауға, оны аялауға деген ой-өрісін, сана-сезімін өзгертеді.
Көркем Есетова, ерікті:
Бүгін біз Түркістан көшесін тазалаймыз. Бұған дейін сенбіліктерге шығып жүрміз. Осыған дейін «Маятас», «Бадам» өзені жағасын тазалауға қатыстық. Базарларды және балалар ойнайтын аулаларды жинаған болатынбыз.
Ғани Қалмахан
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02