Атырауда дауылдың салдарын жою үшін арнайы комиссия құрылды
Атырау облысы Индер ауданында кеше қатты жел тұрып, дауылдың кесірінен 8 әлеуметтік нысан мен тұрғын үйлерге зақым келді. Сондай-ақ ғимарат жанында тұрған 3 көлік бүлінген. Қазір бұл нысандар жөнделіп жатыр. Дауылдың салдарын жою үшін арнайы комиссия құрылды. Аудан орталығынан Есбол ауылына қатынайтын жолдағы 14 электр бағанасын «Атырау Жарық» мекемесі қайта орнатты. Облыс орталығы Атырау қаласында да дауыл соғып, қатты жел тұрғанымен бүлінген ғимарат жоқ. Дегенмен бір көліктің үстіне ағаш құлаған.
Жантөре Демешов, облыстық ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы:
Қатты жел мен жауынның салдарынан ағаштың сынып құлауы болып, көліктің ішінде адам қалып қойғаны жөнінде ақпарат келіп түсті. Хабарлама бойынша Атырау қаласындағы құтқару жасағының қызметкерлері барып, ағашты бензопиламен кесіп, ішіндегі адамды шығарды. Ол жерде жарақат алған немесе басқа жағдайлар тіркелген жоқ.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
«Алтын Орда - Ұлық ұлыс» деректі фильмі эфирге шығады
19.05.2026, 20:06