Жапонияда аптап ыстықта жұмысшыларға мұз десерттер беріледі
Жапонияда аптап ыстық әлі қайтқан жоқ. Елдегі құрылыс компанияларының бірі шыжыған күннен жұмысшыларын қорғау үшін ерекше тәсіл ойлап тапты. Күн сайын оларға мұз қатқан десерттер, жеміс дәмі бар салқын гель береді. Бұл суға қарағанда ыстықты басуға айтарлықтай көмектеседі, - дейді жұмысшылардың өздері.
Бұған қоса олар күн өтпес үшін әр жарты, бір сағат сайын жұмыстан үзіліс алып, демалады. Сонымен бірге құрылысшыларға күн өтпейтін кеудешелер беріліп, бөлмелерге желдеткіштер орнатылған. Жапонияда биыл жазда ауа температурасы +40 градустан төмендемей тұр. Осыған орай билік тұрғындарға мейілінше үйден шықпауға кеңес берді.
Арай Төлеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ж. Сүлейменов: Деструктивті ағымдар жаңа әдістерді қолдануға көшті
30.07.2026, 20:47
Колледждерде сұранысқа сай мамандар даярлау күшейтіледі
30.07.2026, 20:09
АҚШ Иранға қайта соққы берді
30.07.2026, 20:09
«Болашақ ойындары»: Фиджитал-баскетбол жарысы өтіп жатыр
30.07.2026, 20:08
Аида Балаева халықаралық музыкалық байқаулардың жүлдегерлерін құттықтады
30.07.2026, 20:05
Енді салалық дәрігерге қаралу үшін терапевт жолдамасы қажет емес
30.07.2026, 20:05
Жыл басынан бері 4500 самокат жүргізушісіне айыппұл салынды
30.07.2026, 20:04
БҚО-да Құрылтай сайлауы кезінде мүгедектігі бар жандарға 55 инватакси қызмет етеді
30.07.2026, 20:03