Тоғыз ЖЭО «қызыл» аймақтан шықты
Еліміздегі 9 жылу электр орталығы қауіптілігі жоғары «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті. Ал 3 станция «сарыдан» «жасылға» ауысқан. Мұны Президенттің былтырғы жолдауындағы тапсырмалардың орындалу барысы туралы есеп берген Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады. Министрдің айтуынша, «қызыл» аймақта әлі 10 жылу электр орталығы қалып отыр. «Сары» аймақта – 17, «жасыл» аймақта 10 нысан бар. Ал станциялардың орташа тозу деңгейі 64 пайыздан 61 пайызға дейін төмендеген. Биыл 10 энергоблок, 63 қазандық пен 39 турбина күрделі жөндеуден өтпек.
Ерлан Ақкенженов, ҚР Энергетика министрі:
Президенттің тапсырмасына сай алдағы 5 жылда 14 гвт электр қуаты енгізілмек. Соңғы 2 жылда 1,3 гвт іске қосылды. Биыл тағы 622 мвт енгізілмек. Ал келесі жылы 2700 мгв қосылады. Бұл міндетті орындау үшін жаңа нысандар іске қосылуда. Түркістан облысында 1 мың мгвт болатын электрстанциясы салынып жатса, Қызылордада 240 мгвт жаңа ЖЭО құрылысы жалғасуда.
Данияр Қайыртай
Автор
Данияр Қайыртай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытайға астықты делдалсыз сатуға болатын болды
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28
Еуропа Ресейге қарсы санкцияны тағы ұзартты
15.09.2026, 17:27