Профессор: Ата Заң – тәуелсіздіктің тұғырлы тірегі
Ата Заң – мемлекеттіліктің негізі, ел егемендігінің тұғырлы тірегі. Соңғы жылдары жүзеге асқан конституциялық реформалар әділетті қоғам құрып, азаматтардың құқығын қорғауға бағытталды.
Профессор Досалы Салқынбек осылай дейді. Академиктің айтуынша, Ата Заңның 30 жыл ішінде бірнеше мәрте жаңарып, заман талабына сай бейімделуі — мемлекеттің демократиялық дамуының айғағы. Конституцияда көрсетілген құқықтар мен бостандықтардың іс жүзінде орындалуы ел ішінде заң үстемдігін нығайтты. Себебі Ата Заң тек құқықтық құжат емес, ұлттың еркіндігі мен болашаққа деген сенімінің кепілі, дейді профессор.
Досалы Салқынбек, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ профессоры:
Президентіміз соңғы кездері «Заң және тәртіп» бастамасын көтеріп жүр. Бұл қай қоғамда болмасын, өте өзекті мәселе. Сондықтан Ата заңымыз алдағы уақытта заң мен тәртіпті іске асыруда, қадағалауда үлкен күш болады деп ойлаймын. Тәуелсіз мемлекет тұрғанда Ата заңымыз дамиды. Себебі бұл заң – бүкіл заңымыздың түпқазығы.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Араға 70 жыл салып қазақстан жеріне амур жолбарысы жіберілді
03.08.2026, 20:30
Ойындардың трансляциясы 85 млн қаралым жинаған
03.08.2026, 20:29
«Creative Aimaq» жобасы: Абай мұрасынан - заманауи креативке
03.08.2026, 20:25
Құрылтай сайлауы жақындаған сайын партиялардың үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті
03.08.2026, 20:17
Бір палаталы Құрылтайға көшу - заң шығару үдерісін бірізді етеді
03.08.2026, 20:15
Байқаушы: Құрылтай сайлауы - тарихи оқиға
03.08.2026, 20:14
Құрылтай сайлауы: 10400-ден астам учаскелік сайлау комиссиясы дайындықты бастады
03.08.2026, 20:12
Жасанды интеллект бойынша жас зияткерлер жарысы
03.08.2026, 20:02