Астанада отқа төзімді өнеркәсіптік жабындыларды өндіру көлемі артты
3 жыл бұрын жұмысын бастаған отандық кәсіпорынның өндіріс көлемі шамамен 10 есеге өскен. Тоттануға қарсы және отқа төзімді өнеркәсіптік жабындыларды өндіретін зауыт 2022 жылы 353 тонна өнім шығарса, бұл көрсеткіш 2023 жылы 3 мың 442 тоннаға жетті. Зауыттан шығатын өнім металл мен бетонды ұзақ уақыт бойы қорғауға, нысандардың өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Бояулар тапсырыс берген компанияға сай әзірленеді. Қазір мұнда 87 маман еңбек етеді. Олардың арасында студент кезінде мекемеде өндірістік тәжірибеден өтіп, жұмысқа алынғандар да бар. Бүгінде тәулік бойы жұмыс істейтін кәсіпорын күніне 20 тонна өнім шығарады.
Гүлмира Баймағанбетова, зауыттың бас директоры:
Біз 20 емес, 40, 50, 100 тоннаға дейін күнінен шығаруға мүмкіндігіміз бар. Сондықтан біздің ойымызша, Қазақстандағы мекемелерден түскен талаптарды, тапсырыстарды орындауға дайынбыз.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03