«Жаңғырған Конституция – әділетті қоғам кепілі» көрмесі ашылды
«Жаңғырған Конституция – әділетті қоғам кепілі». Бүгін Астанада осындай атаумен жаңа көрме ашылды.
Салтанатты шараға Конституциялық соттың, Адам құқықтары жөніндегі орталықтың, Орталық сайлау комиссиясының, Мемлекет және тарих институтының өкілдері мен белгілі ғалымдар және қоғам қайраткерлері қатысты. Көрмеге Президенттік орталықтың музейінен, кітапхана қорларынан алынған 150 материал, экспонат және құжат қойылған. Көрменің өзі «Дала заңдары – даналықтың бастауы», «Конституция – тәуелсіздіктің тұғыры», «Жаңартылған Конституция – жаңғырудың негізі» деп аталатын 3 бөлімнен тұрады.
Ләйла Омарова, ҚР Президенттік орталығының жетекші сарапшысы:
ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай Конституциялық сот брайль шрифтінде қазақ және орыс тілдерінде екі басылым әзірледі. Белгілі мәдениет қайраткері, альпинист Қайырбек Әлібеков бұл ерекше басылымдарды биыл Гималай шыңына алып шыққан. Қазір ол басылымдар экспозициямызда құнды жәдігер ретінде қойылған.
Елдос Есенбол
Автор
Елдос Есенбол
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03