Ақмола облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті
Бүгін Ақмола облысы Ақкөл қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті. Ауқымды шараға мемлекеттік қызметкерлер, қоғам белсенділері, «Жасыл ел» жасақтарының мүшелері және еріктілер, барлығы 200 адам қатысты. Олар телемұнара маңындағы 5 гектар аумақты толықтай тазартты. Бұл - қала тұрғындары мен қонақтары көп жиналатын қоғамдық орындардың бірі. Ұйымдастырушылар осы арқылы елді мекендер келбетін жақсартумен қатар, әр азаматтың табиғатты қорғауға деген жеке жауапкершілігін оятуды көздейді.
Назарбек Көкенұлы, Ақкөл аудандық мәслихатының депутаты:
Бұл акцияның идеясы мен мақсаты - өте айқын әрі жарқын. Себебі таза әрі әдемі жерде өмір сүру – әрбір қазақстандықтың арманы. Оған жетудің бір жолы – осындай шаралар өткізіп, жастар мен балаларды тазалыққа баулу. Осы арқылы еліміздің болашағын жарқын ете аламыз деп ойлаймын.
Аманкелді Сейітхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық өнердің ұстаханасы жаңартылады
27.07.2026, 20:58
Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
27.07.2026, 20:56
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
27.07.2026, 20:06
«Болашақ ойындары – 2026»: Халықаралық командалар Астанаға жинала бастады
27.07.2026, 20:04
БҚО-да 116 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды
27.07.2026, 20:04
Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста
27.07.2026, 20:03
«Таза Қазақстан» акциясы аясында табиғи аумақтар тазартылды
27.07.2026, 20:02
Маңғыстаудың жартас мешіттері Дүниежүзілік мұралар тізіміне қосылды
27.07.2026, 20:01