«Таза Қазақстан» акциясы тазалық дәстүрін қалыптастырды
Ақмола облысының Жақсы ауданының орталығында «Таза Бейсенбі » экологиялық акциясы аясында ауыл аллеясы қоқыстан тазартылды.
Игі шараға «AMANAT» партиясының белсенділері, депутаттар мен жастар қатысты. Бұл тұрғындардың демалып, таза ауамен тыныс алатын сүйікті орны. Әр апта сайын өтетін тазалық акциялары аясында ауылдан шамамен 520 тоннадан артық қоқыс шығарылған. Жалпыұлттық экологиялық акциясы бұқараның назарын қоршаған ортаның тазалығы мен тәртібіне аударып, жаңа экологиялық мәдениеттің негізін қалауда.
Ләззат Әбілдина, «AMANAT» партиясы Жақсы аудандық филиалының атқарушы хатшысы:
«AMANAT» партиясының мүшелері бұл акцияға бейжай қарамай, белсенді атсалысуда. Бұл экологиялық мәдениетті арттыруға ықпал етеді деп ойлаймын. Тазалық – ең басты құндылық. Мұндай шаралар халықты ортақ мақсатқа жұмылдырып, азаматтардың бір-біріне деген жанашырлығын күшейтеді.
Бибінұр Әмірханқызы
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04