Еурокомиссия індетке қарсы жаңа вакцинаны бекітті
Еуропалық комиссия имундық жетіспеушілік, яғни СПИД-тің алдын алуға арналған жаңа вакцинаны мақұлдады. Жылына екі рет салынатын екпе жұқпалы аурудың таралуына тосқауыл қояды, дейді мамандар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшылығы препаратты барлық ел иммунтапшылық вирусымен күреске арналған ұлттық бағдарламасына тез арада қосуға кеңес берді. Еурокомиссиядан әріптесім Нұрсұлу Қасым байланысқа шықты. Нұрсұлу, жаңа вакцина жайлы толығырақ тарқатсаң. Ол қаншалықты тиімді?
Нұрсұлу Қасым, тілші:
Адамның иммун тапшылығы вирусына қарсы жасалған жаңа вакцинаның аты Ленакапавир. Америкалық «Gilead гилэд» компаниясы былтыр шығарып, сынақтан өткізу кезеңінде 100 пайыз тиімділігін көрсеткен. Сондықтан, Еуропалық комиссия ресми түрде вакцинаны бекітіп отыр. Еуропалық дәрі дәрмек жөніндегі агенттік өкілдері жылына екі рет салынатын екпе індеттің таралуын тежеп, жасөспірімдер мен ересектердің ВИЧ, СПИД жұқтыруының алдын алады деп отыр. Жаңа препарат келесі айдан бастап ЕуроОдақ елдерінде, Норвегия, Исландия мен Лихтенштейнде сатылымға шығарылады.
Еуроодақ елдерінде ВИЧ/СПИД жұқтыру төмендеді ме қазір?
Жоқ, керісінше вирусты жұқтыру он екі пайызға көбейіп, былтыр ЕуроОдақта 25 мың адам індеттің құрығына ілінген. Осыған алаңдаған дәрігерлер жаңа вакцинадан үлкен үміт күтіп отыр. Препаратты АҚШ тың медица мекемелері маусым айында бекіткен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшылары жаһан елдерін жаңа препаратты тездетіп қолдануға шақыруда. Ұйымның мәліметінше, былтыр әлемде СПИД-тен 630 мыңнан астам адам көз жұмған.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16