Конституция күні: Көкшетаулық 100 отбасы баспаналы болды
Ата заң мерекесі қарсаңында көкшетаулық 100 отбасы баспаналы болды. Қоныс тойын апатты үйде тұрып келген шаһар тұрғындары тойлады.
25 жыл апатты үйде тұрған Алтыншаш Бекқожанова реновация бағдарламасының шапағатын көргендердің бірі. Жаңа үйден баспаналы болған оның бүгінде қуанышында шек жоқ.
Алтыншаш Бекқожанова, Көкшетау қаласының тұрғыны:
Алдында ескі үйде тұрғанмын. Ол жерде сыз болды, иіс шығып тұратын. Су кіретін. Тышқандар да кіріп кететін. Осы үйді ойламаған жерден алып жатқанымызға қуанып жатырмыз. Осы үйдек тек бақыт, қуаныш болсын.
Ақмола облысы реновация бағдарламасы бойынша ел аумағында көш бастап тұр. Бүгінде Көкшетаудың өзінде ескі деп сырылған үйлердің орнына 320 пәтерлі 2 көпқабатты үй салынып жатыр. Аталған бағдарлама аудандарда да табысты жүзеге асуда. Жалпы, соңғы екі жылда облыс бойынша бес мыңға жуық жанұя баспаналы болды.
Марат Ахметжанов, Ақмола облысының әкімі:
Реновация тек қана баспанамен қамту емес, қаланы сәулеттендіру, көгалдандыру, абаттандыру мәселесі. Ал жалпы 320 пәтер салынды. Енді 220 пәтерін осал топтарға осы үйден сатып алып береміз, көпбалалы аналарға, жетім балаларға қалған үйді осы жерден алып береміз.
Бибінұр Әмірханқызы
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03