Алматыда 7 мектеп пайдалануға берілді
Алматыда да «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған 7 мектеп пайдалануға берілді. 12 мың орындық білім ошағы кең кабинеттермен, заманауи зертханалармен толығып, спорт кешендерімен жабдықталған. Ал қыркүйектің соңына дейін 11 мыңға жуық балаға арналған тағы 5 білім ордасын ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады. Жалпы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында мегаполисте барлығы 35 мың балаға арналған 21 оқу орнының құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ жеке инвесторлар есебінен 8 мектеп салынуда. Бұдан басқа, «1300 мектепті жаңғырту» ұлттық жобасы аясында екі жыл ішінде 31 мектепке күрделі жөндеу жүргізілмек.
Сайран Сайфеденов, қалалық білім басқармасының басшысы:
Орын тапшылығына байланысты көптеген сұрақтарымыз шешіліп жатыр. Әрбір мектептен 500, кей мектептерден 1000 баладан жаңа «Келешек мектептеріне» ауысып, қазіргі таңда жаңа ғимаратта стандарт бойынша білім алатын болады. Алматы қаласы бойынша 350 мыңнан астам оқушымыз бар. Соның 28 мыңы бірінші сыныпқа келген оқушыларымыз.
Ақтұйғын Болат, оқушы:
Мен мектепке барамын,
Жақсы білім аламын.
Ата-анамды қуантып,
Үлгілі оқушы боламын.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17