«Astana Finance Days 2025» форумы басталды
Бүгін елордада әлемдік қаржы саласының сарапшылары бас қосқан «Astana Finance Days 2025» форумы ашылды. Биыл сегізінші рет өтіп отырған ауқымды шараның тақырыбы – «Болашақтың негізін қалайтын капитал».
Ақмаржан Ғафизқызы, тілші:
Иә, форум жарты сағат бұрын ғана басталды. Қазірдің өзінде Астана халықаралық қаржы қауымдастығының назарын аударған орталыққа айналды деуге болады. Биылғы жиынға 70 елден 5 мыңнан астам сала маманы қатысуда. Олардың қатарында АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері және Сингапур секілді алпауыт мемлекеттердің банкирлері, инвесторлары мен ірі компания басшылары бар.
Форумда климаттың өзгеруі, экономикалық өсім және жаңа технологияларды дамыту жолында капиталды тиімді пайдалану мәселелері талқыланбақ. Сондай-ақ биыл алғаш рет AFD Exhibition Hub атты көрме ұйымдастырылып, компаниялар өздерінің цифрлық инновацияларын таныстырады деп күтілуде.
Ақмаржан Ғафизқызы
Автор
Ақмаржан Ғафизқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға 2-5% жеңілдетілген ипотека беріледі
15.09.2026, 20:01
Алматыда емхананы ауыстыру талаптары жеңілдетілді
15.09.2026, 19:53
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28