Абай облысында өңдеу өнеркәсібінің көлемі ₸385 млрд-қа жуықтады
Абай облысында өңдеу өнеркәсібінің көлемі 385 миллиард теңгеге жуықтады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 26 пайызға көп. Өңірде 378 кәсіпорын жұмыс істесе, оннан астамы ірі өндірістер. Негізгі бағыттары тау-кен өндірісі мен тамақ өнімдерін шығару. Аймақтағы ірі кәсіпорындар мыс пен алтын құрамдас рудаларды өңдейді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу де қарқын алып келеді. Аймақта құрылыс және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары да дамуда. Дегенмен негізгі үлесті ауыл шаруашылығы мен шикізатты өңдеу саласы құрап отыр. Мемлекет тарапынан саланы дамытуда үздіксіз қолдау бар.
Қаблан Қамбарбеков, облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:
Өңіріміз инвестиция тарту және ірі жобаларды іске асыруда жұмыс істеуде. Біріңғай индустрияландыру картасы аясында кәсіпорындар индустрияны дамыту қоры тарапынан жеңілдетілген лизинг түрінде қолдау ала алады. Сондай-ақ жобаларды іске асыру үшін, жер телімдері беріледі.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03