Қызылорда қаласындағы тазарту жүйесі жаңғыртылуы мүмкін
Қызылорда қаласында кәріз суын биологиялық тазартудан өткізетін орталық жаңғыртуды қажет етеді. Бүгінде жергілікті билік арнайы жоба әзірлеп, инвестор тартуға ниетті. Өңірге барған Парламент Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин биологиялық тазарту жүйесінің қазіргі жай-күйін көрді. Сондай-ақ осы салада тәжірибесі мол қытайлық компания өкілдерімен жобаны талқылап, инвестор болуға ұсыныс айтылды. Жоба құны шамамен 10 миллион АҚШ долларын құрайды. Қазір шаһардан жылына 17 миллион шаршы метр лас су құйылса, қайта жаңғыртудан кейін қабылдау қуаттылығы 70 миллионға ұлғаймақ.
Еділ Жаңбыршин, Мәжіліс депутаты:
Президенттің берген тапсырмасы бар – суды біз үнемді пайдалануымыз керек және лас суды тазалап, қайтадан пайдалануымыз керек. Міне, осы тұрғыдан қазір Қызылорда облысында мәселені қарап жатырмыз. Қазір әлемде көптеген технологиялар бар. Бізге сол технологияларды әкелу керек.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04