Қызылорда облысында «Таза Қазақстан» экоакциясы жалғасуда
Қызылорда облысының Шиелі ауданында білім беру ұйымдары «Таза Қазақстан» экоакциясын кеңінен дәріптеуде. Ұстаздар «Жасыл мектеп» жобасы аясында оқушыларға туған жерді таза ұстау, қоршаған ортаны аялауға тәлім-тәрбие беруде.
Бала би ауылындағы орта мектептің ауласы бүгінде жасыл желекке оранған. Ағаштарға күтім жасап, гүлдерді баптап өсіруде эко клуб мүшелерінің еңбегі орасан. Білім ошағының оқушылары экомәдениетті бойына сіңіріп, Президенттің игі бастамасына үн қосып келеді. Сондай-ақ мектеп қабырғасындағы зертханада балалар химия-биологиялық қоспалар арқылы өсімдік өсіруге тыңайтқыштар мен табиғи таза тұнбалар әзірлеуді қолға алған.
Айгүл Болатбекова, №50 Абай атындағы орта мектептің директоры:
«Таза Қазақстан» акциясына бағытталған жұмыс орта білім беру мектептерінде де өзінің қарқынды жұмысын атқарып келеді. Ол осы өңірімізді туған өлкені жасыл мекенге айналдыру бағытындағы жас ұрпаққа, экобілім беру және экомәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04