Халық партиясы Президент Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді
Қазақстан Халық партиясы «Экономиканы жаңа талаптарға сай басқару. Қоғамды одан әрі демократияландыру және Әділетті Қазақстан қағидаттарын дәйекті түрде орнықтыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Жиында Президент Жолдауындағы негізгі бастамалар жан-жақты талқыланды. Мәселен, еліміздің цифрлық дамуындағы басты бағыттар, жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы экономиканы жаңғырту және әлеуметтік салаларды дамыту мәселелері айқындалды. Сонымен бірге халықтың цифрлық сауатын арттыру және жаңа технологияларды қоғамға кеңінен енгізу жолдары қарастырылды. Қатысушылар Жолдауда көрсетілген стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру үшін нақты ұсыныстарды ортаға салды.
Марат Башимов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Ең маңыздысы ЖИ барлық салаға енгізу. Тіпті біздің заң саласында ЖИ революция жасауы мүмкін. Дайын заңдарды әкеліп беретін түрі бар. Сол үшін біз бір жағынан оны қолдауымыз керек, екінші жағынан жауапкершілікті күшейту керек. Осы жылдың аяғына дейін цифрлық, құрылыстық кодекс және банк жүйесіндегі кодекстердің бәрі де қабылдануы керек деген тапсырма тұр.
Автор
Ақмаржан Ғафизқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседіі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00