Цифрландыру – заман талабы
Қазақстанда Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылады. Бұл - заман талабы. Президент халыққа арнаған Жолдауында үш жыл ішінде барлық саланы цифрландыруды тапсырды. Сарапшылар пікірінше, бұл қадам Қазақстанның бәсекеге қабілетін арттырып, жаңа инвестиция тартуға ықпал етеді. Қарапайым тұрғындар тың жаңалықты қалай қабылдады?
Тараз:
Біз оңтүстік өңір болғаннан кейін біз егістікпен айналысамыз. Қуаңшылық болады, құрғақшылық болады. Сол кезде бізге су өте қажет. Қазіргі таңда суды тасымалдайтын ирригация көздері өте қатты ескірген ғой, Кеңес үкіметі кезінен қалған. Солардың барлығын жаңғыртып, жасанды интеллектіні енгізуге болады. Суды қалай сақтау керек, оны қалай тасымалдау керек, қалай үнемдеу керек деген сияқты.
Көкшетау:
Қазіргі уақытта үлкен өзекті мәселе жастарға арналған Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін жаңадан құру жоспарға алынған болатын. Менің өзімнің жеке ойым бойынша дәл қазіргі уақытта бұл өте үлкен прогресс. Себебі қазір барлық әлемдік деңгейде осы жасанды интеллект, цифрлық даму өте қатты қолға алынып жатыр.
Ақтөбе:
Бұл Жолдау үлкен үміт береді. Президентіміз өзі айтқандай, тұрақты, әділ өркендеген Қазақстан құруымыз керек деген болатын, егер де барлығымыз бірге еңбектенсек, осы мақсатқа жетеміз деп ойлаймын.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04