Алматыда электросамокаттарға арнайы тұрақтар ашылады
Алматыда электросамокаттарға қатысты мәселені шешудің жолы ұсынылды. Қалада арнайы тұрақтар үшін орын беріледі және самокатты тек сол орындарға қоюға рұқсат етіледі. Бұл туралы шаһар әкімдігі хабарлады. Полицейлер бірнеше күн ішінде 800-ден астам құқық бұзушылықты тіркеп, тротуар мен жол бойына тасталған 300-ге жуық самокатты айыптұраққа жеткізген. Электросамокаттарға қатысты жиілеген жол-көлік оқиғалары жайлы Президент Жолдауда да сөз қозғап, тиісті органдарға тәртіп орнатуды тапсырды. Осыдан кейін қала әкімдігі 10 пилоттық орынды анықтап, сол жерлерде тұраққа арналған арнайы белгілер мен сызықтар сызуды жоспарлап отыр.
Бауыржан Құмарғазин, қалалық Мобильдік басқармасы басшысының орынбасары:
Әр адам саяхатын бітірген соң ол тек парковкаға ғана қоя алады. Ол системаға байланысты. Саяхатын бітірген соң адам суретке түсіріп, бірақ аяқтайды. Бұл тұрақ тура сол жолмен жүреді. Қазіргі таңда бұл алған 10 локациямыз тестілік режимде. Бүкіл системаны жасап біткеннен соң бүкіл қалаға қоюды қарастырамыз. Біз 100 пайыз қажеттілікті жабамыз. Жоқ дегенде 200 тұрақ сала бастаймыз.
Автор
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
Алтын Орда Еуразия шежіресін жаңа қырынан тануға мүмкіндік береді - сарапшылар
19.05.2026, 20:05