Елімізде ЖІӨ өсімі 6,5 пайызға артты
Биылғы жылдың қаңтар-тамыз айларында еліміздің жалпы ішкі өнімнің өсімі 6,5 пайызға артты. Өсімнің негізгі факторлары – сауда, өнеркәсіп және байланыс салаларындағы оң динамика. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді. Тарқатып айтсақ, машина жасау бойынша, тамақ өндірісінде, мұнай өңдеу және химия өнеркәсібі саласында өсім байқалады. Одан бөлек металлургия және сауда көлемі артқан. Аймақтар бойынша көрсеткішке қарасақ, ең жоғары өсім Шымкент қаласында. Одан кейін Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарында оң өзгеріс бар. Экономиканың басқа да секторлары тұрақты өсім көрсетіп, елдің жалпы ішкі өнімінің артуына үлес қосты. Сарапшылар бұл экономиканы әртараптандырудың жемісі дейді.
Бауыржан Ысқақ, экономист:
Мұнай-газ саласын қазір мұнай химия деп айтуға да болады. Бір кездері әлемге шикізат ретінде сатсақ, қазіргі уақытта мұнай дайын өнімге айналып барып, бензинге, тағы да басқа өнеркәсіпке қажетті дайын өнім болып шығуы. Яғни экономикадағы әртараптандыру саясаты нәтижесін беріп жатыр деп айтуға болады.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16