№1 индустриялық паркте құны 336 млрд асатын 139 жоба бар
Астанадағы №1 индустриялық паркте құны 336 млрд теңгеден асатын 139 жоба бар. 82 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Соның бірі – 2014 жылы құрылған зауыт. Мұнда бронетехника жасалып, жаңғыртылады, жауынгерлік модульдер мен электронды жүйелер шығарылады. 13 мың шаршы метрді алған кәсіпорын жылына 60 MRAP автомобилін құрастыра алады. Қазір мұнда 350-ге жуық маман еңбек етеді. Мекеме жастарға тәжірибеден өтуге мүмкіндік беріп, үздіктерін тұрақты жұмысқа қабылдайды.
Нұржан Қалмаханұлы, құрастырушы-инженер:
Студенттер келеді, оларды оқытып, үйретеді. Арасынан жақсы таңдалған, өзін көрсеткендер конструктор, технолог болып, яғни жақсы мүмкіндіктер бар. Бұл жерде, мысалы, көліктің капсуласы тұрса, аккумулятор және оған байланысты қандай компоненттер бар. Солардың арасын бір-бірімен байланыстыратын «ми». Бәрін осы цехта бірінші жобалап аламыз.
Индустриялық паркте парфюмерия шығаратын Орталық Азиядағы толық циклді жалғыз фабрика да бар. Кәсіпорын жылына 5 млн құты құя алады. Дайын өнімдердің шамамен 90 пайызы ТМД және Таяу Шығыс елдеріне экспортталады. Сондай-ақ бұл аймақта ғимарат қасбетіне және шатырдың бетіне арналған құрылыс материалдарын шығаратын зауыт жұмыс істеп тұр. Бүгінде кәсіпорын «Келешек мектептері» ұлттық жобасына арналған қасбеттік материалдар шығарып жатыр. Мұнда 25 адам жұмыс істейді.
Аман Әбдіров, цех басшысы:
Біздің зауыт қасбеттік панельдер шығару үшін аллюминий профильдері, дәлірек айтқанда құрылыс қасбетіне мән береміз. Аллюминий жақтан айына 600 тоннадай баса аламыз. Қазіргі заманда Қазақстан нарығына жұмыс істеп жатырмыз. Болашақта сыртқы нарыққа шығуға дайынбыз.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Астана Опера» театрында Вердидің «Травиатасы» сахналанды
06.04.2026, 17:27
Биыл Алматыға 550 мың түрлі ағаш егеді
06.04.2026, 17:25
«Ауыл аманаты»: БҚО-ға ₸ 14,8 миллиард бөлінген
06.04.2026, 17:22
Алғаш рет изолейцин және лейцин өнімі шығарыла бастады
06.04.2026, 17:20
Алматыда қалдықты құрылыс материалына айналдыратын зауыт ашылды
06.04.2026, 17:17
Жамбылдық жас мамандар жұмысқа конкурссыз қабылдана бастады
06.04.2026, 17:15
Су инфрақұрылымы цифрлық жүйеге көшеді
06.04.2026, 17:12
Қостанай облысы тасқынға толық дайын
06.04.2026, 17:10