Бір палаталы Парламент құру үшін референдум өткізуді ұсыну – демократияның айқын көрінісі
«Президент Тоқаевтың бір палаталы жүйеге көшу үшін халықтық референдум өткізуді ұсынуы елдегі демократияның айқын көрінісі». Брюссель баспасөз клубының Президенті Антонио Бускардини осылай дейді. Оның пікірінше, заң шығарушы органды бір палатада шоғырландыру саяси партиялардың еркіндігін күшейтіп, заңдардың қабылдануын жеделдетеді. Сондай-ақ, тың өзгеріс халық үніне құлақ асатын құқықтық мемлекет тұжырымдамасын сәтті жүзеге асыруға серпін береді, - дейді еуропалық сарапшы.
Антонио Бускардини, Брюссель баспасөз клубының президенті, «Travel tomorrow» медиа порталының жетекшісі:
ЕуроОдаққа мүше 27 мемлекеттің 16-сында бір ғана палата бар. Қазақстан 1995 жылы кемел демократияға көшуді қолдайтын орган ретінде Сенатты құрған болатын. Ал, қазіргі таңда Сенатты ұстаудың қажеті жоқ сияқты. Бірпалаталы жүйеге көшу – саяси партиялардың көбірек билікке ие болуына, субсидиарлық қағиданы қатайтуға сеп болмақ. Осылайша, ел азаматтарының қоғамдағы оқиғаларға әсер ету мүмкіндігі күшейеді.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02