Ақмола облысында екі жігітті көлік қағып кетті
Ақмола облысында көлігінің доңғалағын ауыстырып жатқан екі жігітті көлік қағып кетті. Біреуі оқиға орнында жан тәсілім етті. Екіншісі түрлі дене жарақаттарымен Бұланды аудандық ауруханасына жеткізілді. Жан түршігерлік оқиға Астана – Петропавл автобанда 178-ші шақырымында болды. «Nissan Almera» автокөлігін тізгіндеген жүргізуші көлік жөндеген екі адамды байқамай қалған.
Алмагүл Тұрсымбаева, облыстық ПД ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы:
«Ниссан Альмера» автокөлігін 37 жастағы ер адам басқарған. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жариялауға жатпайды.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17