Сарапшы: Бір палаталы жүйеге көшу – маңызды институционалдық реформа
«Президент Тоқаевтың бір палаталы жүйеге көшу туралы ұсынысы өте маңызды институционалдық реформа». Бұл – Президенттің Жолдауын оқып шыққан Грекияның геосаясат және заманауи әскери технологиялар профессоры Константинос Гривастың пікірі. Профессордың пайымынша, бір палаталы Парламент заң қабылдауды жеделдетіп, депутаттардың халық алдындағы жауапкершілігін күшейтеді. Әрі мұндай реформа елдің қарқынды дамуына сеп болуы тиіс, дейді грекиялық сарапшы.
Константинос Гривас, Грекия әскери академиясының соғыс теориясы және талдау секторының директоры, профессор:
Президент Тоқаевтың бір палаталы Парламентке көшу туралы ұсынысы - өте маңызды институционалдық реформа. Мұндай жүйе шешім қабылдаудың тиімділігі мен ашықтығын арттыруға, заңдардың жедел қабылдануын және депутаттардың халық алдындағы жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік береді. Дәл осындай жүйе еуропалық демократиялық елдерде өз жемісін берді. Қазақстанның табысты жаңғыруына да септігін тигізеді деген үміттемін.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
«Алтын Орда - Ұлық ұлыс» деректі фильмі эфирге шығады
19.05.2026, 20:06