Жетісу облысында заңсыз төгілген 146 қоқыс орны анықталды
Жетісу облысы бойынша бүгін заңсыз қоқыс үйінділерін анықтау жұмыстары жүргізілді. Тексеріс барысында Талдықорған және Текелі қаласының аумағында, сондай-ақ Ескелді мен Қаратал аудандарынан заңсыз төгілген тұрмыстық қалдықтар табылып, жауапты тұлғаларға хаттама толтырылды. Сонымен қатар жеке және заңды, сондай-ақ лауазымды тұлғаларға жалпы сомасы 2 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Жалпы, жыл басынан бері өңірде 146 заңсыз қоқыс орны табылып, бүгінге дейін олардың 76%-ы жойылған. Экология департаменті алдағы уақытта да рейдтік жұмыстарды жалғастыратынын айтты.
Азамат Тәуірбеков, Жетісу облысы бойынша Экология департаменті басшысының орынбасары:
Барлық жергілікті атқарушы органдары қоқыс үйінділерін жоюға міндетті. Жойылмаған жағдайды әкімшілік құқықбұзушылық туралы ҚР кодексінің талаптарына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың жауапты лауазымды тұлғалары жауапкершілікке тартылады. Жерлестерімізді табиғатқа ұқыпты қарауға, қалдықтарды тиімді басқаруға шақырамыз.
Автор
Дамир Нұрмұхамет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03