Бокстан Әлем чемпионатына шолу
7 алтын, 1 күміс
және 2 қола медаль. Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өткен бокстан Әлем
чемпионатынан осындай олжа алып, командалық есепте бірінші орынды иемдендік.
Жеңісті сәттерді рет-ретімен тілшіміз баяндайды.
Назым Қызайбай
жеңгендей еді. Бірақ төрешілердің шешімі басқаша болды. Осылайша Назым 4 дүркін Әлем чемпионатының жүлдегері атанды. Бұл жолы күміс медаль. 50 келіге дейінгі
салмақтың финалында Санжар Тәшкенбай моңғолиялық спортшыны жеңіп, ел қоржынына
алғашқы алтын медальді салды.
Одан кейін Махмұд
Сабырхан екі дүркін Әлем чемпионы атанды.Үшінші алтынды Алуа Балқыбекова
әкелді. Аида Әбікеева да ақтық сында қарсыласынан басым түсіп, алтынның санын
арттыра түсті.
Махмұд ағасының
ізін басқан Төрехан да төрге шықты. 19 жасында бокстан Әлем чемпионы атанды.
Бір үйдің балалары тұтас әлемді мойындатты.
Ал Наталья Богданова
аустралиялықты жеңді. Бұл - алтыншы алтын.
Айбек Оралбай өзбекстандық Джахонгир Зокировпен қолғап түйістірді.
Бірінші және екінші раундта Айбек қарсыласына есе жіберсе, шешуші раундта
қарсыласын қапы қалдырды
Осылайша 7 алтын,
1 күміс және 2 қола медальмен Қазақстанның ұлттық құрамасы командалық есепте
бірінші орынға шығып, Ливерпульдің төрінде топ жарды.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
«Алтын Орда - Ұлық ұлыс» деректі фильмі эфирге шығады
19.05.2026, 20:06