Жұмысшы мамандық: Абай облысында 200 грант бөлінді
Абай облысында жергілікті бюджет есебінен елімізге ең қажет мамандықтарға 200 білім гранты бөлінді. Экономика, техника, құрылыс, медицина мен ауыл шаруашылығы, сондай-ақ ІТ саласы бойынша сұранысқа ие 32 мамандық таңдалған. Облыс әкімі Семейде студенттермен арнайы кездесіп, грант иесі атанған жастарды құттықтады. Түрлі білім бәсекелерінде жүлдегер болған, жарыстарда ел және аймақ намысын қорғаған, ғылыми жобалармен айналысатын дарынды жастарға басымдық берілген. Биыл тұңғыш рет «Журналистика» және «Стоматология» мамандықтарына да грант қарастырылып, жаңа кадрларды даярлауға жол ашылды. Жергілікті бюджет есебінен білім грантын бөлуден еліміз бойынша Абай облысы көш бастап тұр.
Берік Уәли, облыс әкімі:
Өңірлерді аралаған кезде ең өзекті мәселе - кадр тапшылығына куә болып жүрмін. Құжат тапсырған мектеп түлектерінің жалпы саны 500-ден асты. Алайда біз оқу үлгерімі жақсы, балдары жоғары, пәндік олимпиадалар мен спорт жарыстарының жүлдегерлері болған, сонымен қатар аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың, ауыл мектептерінің түлектеріне басымдық бере отырып, қажет мамандықтарға грант бөлдік.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04