Атырауда ірі газ-химия кешенінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр
Атырауда ірі газ-химия кешенінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Осыдан тура бір жыл бұрын қадасы қағылған зауыт жылына 1 млн 250 мың тонна полиэтилен өндіруге қауқарлы. Жоспар бойынша кәсіпорын полиэтиленнің 22 түрін шығарады. Оның 40 пайызы жоғары сапалы санатқа жатады. Құрылыс кезінде жұмысшы саны 8 мыңға дейін көбеймек. Зауыт іске қосылғасын 800-дей адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Бұл елімізде өңдеу өнеркәсібіндегі ең ауқымды жобалардың бірі болмақ. Оған 7,4 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылып отыр. Отандық өнімді ішкі нарықпен қатар, шетелдерге экспорттау көзделуде. Зауыт құрылысы 2029 жылы аяқталады деп жоспарланған.
Данияр Орынбасаров,
облыстық Өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасының басшысы:
Зауыт іске қосылған соң әлемдік полиэтилен өндірісінің шамамен бір пайызын қамтамасыз етеді деп күтілуде. Ал ауқымы мен технологиялық жабдықтар бойынша ол әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың біріне айналмақ.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02