Жетісу облысында отбасылық есірткі бизнесі әшкереленді
Жетісу облысының полиция қызметкерлері Алматы – Өскемен автожолында ірі көлемде есірткі тасымалдаған отбасылық қылмыстық топты ұстады. Тексеру кезінде 65 жастағы ер адам мен оның 29 жастағы ұлынан 19 кг марихуана табылды. Тергеу барысында күдіктінің жұбайының да қылмысқа қатысы бар екені анықталған. Ол күйеуі мен ұлының іс-әрекетін үйлестіріп, Алматы мен Жетісуға есірткі жеткізіп отырған. Қазір барлық күдіктілер қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Жанар Халықова, Жетісу облысы ПД ресми өкілі:
Сонымен қатар тергеу кезінде күдіктілердің негізгі жеткізушісі Жамбыл облысының 29 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Оның фазендасынан 10 келіден астам кептірілген марихуанна шықты. Осылайша барлығы 30 келіге жуық есірткі тәркіленді.
Автор
Дамир Нұрмұхамет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға 2-5% жеңілдетілген ипотека беріледі
15.09.2026, 20:01
Алматыда емхананы ауыстыру талаптары жеңілдетілді
15.09.2026, 19:53
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28