Электросамокаттарға қатысты жол апаты 2 есе көбейді
Елімізде электросамокаттарға қатысты жол апаты көбейді. Жыл басынан бері 153 жағдай тіркеліпті. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда екі есе жоғары. Ең көп жол апаты Алматы қаласында – 79 оқыс оқиға. Астанада 38, Шымкентте 11. Сәйкесінше зардап шеккендер саны да өсіп отыр. Қос дөңгелікті техникамен болған қақтығыстардан 173 адам жарақат алған. Олардың тең жартысы – кәмелетке толмағандар. Сонымен қатар биыл мұндай жол апатынан бір адам көз жұмған. Статистика тек зардап шеккен адамдар мен зақымданған көліктер қатысқан жағдайларды қамтиды. Шын мәнінде жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері бұдан да көп. Сондықтан электросамокаттарды пайдалануға қатысты қатаңдату шаралары қолға алынып жатыр.
Ақтоты Боранова, ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі
аға инспекторы:
Жалға беретін компаниялармен бірлесе отырып мемлекеттік нөмірге ұқсас нөмірлер бекітіледі. Сол бекітілген нөмірлерге байланысты осы самокаттарды бақылау іске асырылады. Яғни одан бөлек электросамокаттардың жылдамдығын анықтау үшін жаңаға мемлекеттік нөмірінен сәйкес өзінің тіркеу нөмірлерін электросамокаттың ыңғайлы жеріне орналастыру арқылы осы автоматты түрде тіркеу жүйелері, камералар дейміз ғой, солармен реттеу жұмыстары да жүргізіледі.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Астана Опера» театрында Вердидің «Травиатасы» сахналанды
06.04.2026, 13:08
Тараздықтар 10 мың түп ағаш екті
06.04.2026, 13:07
58 мың Hyundai Palisade кері қайтарылды
06.04.2026, 13:06
Трамп Иранның электр станциялары мен көпірлерін қиратпақшы
06.04.2026, 13:05
Ақтаудан жер сілкінеді деген ақпарат жалған
06.04.2026, 13:04
Жол апатына ұшыраған жұмысшылардың халі орташа
06.04.2026, 13:03
Атырауда 7 жастағы оқушыны көлік қағып кетті
06.04.2026, 13:02
Алматы облысында үй тонайтын біренше топ ұсталды
06.04.2026, 13:01