26 жыл күткен алтын: Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен Әлем чемпионы атанды
26 жыл күткен алтын жүлде. Кеше Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали грек-рим күресі бойынша сол алтынды алды.
60 келіге дейінгі салмақта күрескен отандасымыз финалда Өзбекстан балуаны Алишер Ганиевті 9:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңді. Осылайша Әлем чемпионы деген атақты иеленді.
Айта кетейік, Айдос Сұлтанғали бұған дейін 2018 және 2022 жылдары екі мәрте Әлем чемпионатының қола жүлдесін алған.
Соңғы рет қазақстандық балуандар грек-рим күресінен 1999 жылғы Әлем чемпионатында алтын медаль иеленген еді. Ол кезде 63 келіге дейінгі салмақта Мхитар Манукян чемпион атанған.
Айдосты да Мемлекет басшысы құттықтапты.
Автор
Жайна Сламбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
«Алтын Орда - Ұлық ұлыс» деректі фильмі эфирге шығады
19.05.2026, 20:06